19 қазан 2020 15:06

Жапаров Қырғызстандағы президент сайлауына қандай жағдайда қатыса алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қырғызстанның мемлекет басшысы міндетін атқарушы Садыр Жапаров заңға өзгеріс енгізілсе, президент сайлауына қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Қырғызстанның мемлекет басшысы міндетін атқарушы Садыр Жапаров заңға өзгеріс енгізілсе, президент сайлауына қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда президент міндетін атқарушы президент сайлауына қатыса алмайды.

"Бүгінде парламентте "Парламент пен президентті сайлау туралы" заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Егер заңдағы осы өзгерістер нәтижесін беріп, сайлауға қатысуға рұқсат етілсе, мен (сайлауға - ескерту) барамын", - дейді ол "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Қырғызстанның барлық президенті 61 жасында биліктен кеткен

Жапаровтың айтуынша, "бұл туралы айту әлі ерте, себебі осы мәселе бойынша шешім әлі қабылданбаған".

Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстанда жаңа премьер-министр тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети