15 қаңтар 2020 10:02

Жапонияда министр декретке шықты

Коидзуми Синдзиро © РИА Новости Коидзуми Синдзиро © РИА Новости

Жапонияның қоршаған орта министрі Коидзуми Синдзиро - бұрынғы премьер-министр Коидзуми Дзюнъитиродың ұлы декретке кетуге шешім қабылдаған. Ол мұндай шешімге қаңтарда өмірге келетін тұңғыш баласын бағу мақсатында келген, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен Қоршаған орта министрлігінің қызметкерлері еш қымсынбай бала қарау мақсатында еңбек демалысына шыққандарын қалаймын", - дейді Коидзуми.

Министр бала өмірге келгеннен кейін үш ай ішінде екі апталық демалысқа шығады. Жалпы министрдің демалысы оның лауазымы мен қызметіне кері әсер тигізбеу үшін қысқа жұмыс күндері мен қашықтықтағы жұмыс есебінен есептеледі. 

Сонымен қатар, министр видеожиналыс форматында жұмыс істеп, қызметкерлерімен электрон пошта арқылы байланысып отырады. Коиздуми декретке шығуды жары модель әрі тележүргізуші Кристел Такигаваның жүкті екенін білген сәттен ойлана бастаған екен.

Жалпы Жапонияда бала күтіміне байланысты декретке шығу баланың әкесіне де, анасына да рұқсат етілген. Алайда бұл мүмкіндікті елдегі ер адамдардың аз бөлігі ғана қолданады екен. Басты себеп: психологиялық жағдайлар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети