Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жапонияда мүгедектерді өлтірген адам Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алғысы келген

26 Шілде 2016, 17:11
0
© ntv.ru
© ntv.ru

Жапонияның Сагамихара қаласында мүгедектер үйінде қырғын жасаған Сатоси Уэмацу физикалық немесе психикалық ауытқулары бар адамдарға эвтаназия (емделмейтін, дауасыз ауру адамның өз еркімен өлімге мойынсұнуы) жасалуы туралы заңның қабылдануын қолдаған.

Осындай мәтіндегі ұсынысты ол жапон парламентінің төменгі палатасының ресми резиденциясына жолдаған. Сатоси Уэмацу қоғамдық қызметке пайдасы жоқ адамдарға эвтаназия жасауды ұсынған.

Хат мәтінінен: "Менің мақсатым - бейбітшілік. Ол кезде туыстарының рұқсатымен мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде тұру немесе қоғамдық қызметке жарамайтын болса эвтаназия жасалу керек".

Уемацудың сөзіне қарағанда, бұл заң Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алады. Хатта ол мүгедектерді жаппай өлтіруге дайын екендігін ескерткен. БАҚ-тың хабарына қарағанда, ол Сагамихара қаласында жасаған қырғынның жоспарын алдын ала мәлімдеген, - деп жазады РИА Новости.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сатоси Уемацудің құрбандарының саны 19 адамға жеткен, 20-дан аса адам жараланған. Қаза болғандардың барлығы - мүгедектерге арналған үйдің тұрушылары. Қылмыс жасап болғаннан кейін Уемацу құқық қорғау органдарына өзі барып берілген. Полициядағылардың айтуынша, Уемацу осы пансионатта жұмыс істеген және есірткі қабылдаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай