10 шілде 2020 09:45

Жоғалып кеткен Сеул мэрі өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

9 шілдеде ес-түссіз жоғалып кеткен Сеул мэрі Пак Вон Сун бірнеше сағаттан соң өлі табылды, - деп хабарлайды Yonhap агенттігі.


9 шілдеде ес-түссіз жоғалып кеткен Сеул мэрі Пак Вон Сун бірнеше сағаттан соң өлі табылды, - деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Дереккөз мәліметінше, оның денесі резиденциясының маңынан табылған. Өзімен бірге сөмкесі, су, ұялы телефон, құжаттары болған. Полицейлер мэрдің денесінен ешқандай зорлық белгілерін байқамаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Пак Вон Сун өз-өзіне қол жұмсаған. Өлімнің нақты себебін сараптама көрсетеді дейді.

Еске салайық, мұның алдында Сеул мэрі жоғалып кеткені хабарланған еді. Мэр із-түссіз жоғалып кеткен соң оның қызы шамамен сағат 17.17-де полицияға арыз қалдырған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.17-де). Ол әкесінің үйден шамамен 4-5 сағат бұрын кеткенін хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол әкесінің өсиетке ұқсас сөздер айтып кеткенін жазған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети