12 қаңтар 2021 09:46

Жөтеле бастады. АҚШ-та горилладан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Depositphotos / EBFoto © Depositphotos / EBFoto

Дүние жүзінде алғаш горилладан коронавирус анықталды. Бұл туралы Сан-Диего қаласындағы зообақ өкілдері хабарлады. Одан бөлек, COVID-19 екі қызметкерден анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости


Дүние жүзінде алғаш горилладан коронавирус анықталды. Бұл туралы Сан-Диего қаласындағы зообақ өкілдері хабарлады. Одан бөлек, COVID-19 екі қызметкерден анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости

Мекеме мәліметінше, болжам бойынша жануарлар вирусты ауруды симптомсыз өткізген зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін. 

"Сан-Диегодағы зообақтың сафари аймағындағы топ мүшелерінің тесті оң нәтиже көрсетті. Сәрсенбі, 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастады. Дүйсенбі, 11 қаңтарда АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық ветеринарлық қызметі жануарлардың да тесті оң нәтиже көрсеткенін растады", - делінген зообақ хабарламасында. 

Бұған дейін коронавирус қаракүзендерден анықталған болатын. Ал 2020 жылы Барселонадағы зообақтағы арыстан, ал АҚШ-та қар барысы коронавирус жұқтырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети