20 шілде 2021 12:09

Жүкті әйелдер COVID-19 жұқтырса ауыр өткереді - ДДСҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүкті әйелдер COVID-19 жұқтырса ауыр өткереді және вакцина салдыру ұсынылады, ал вакцина салдырғаннан кейін бала емізуді жалғасытара алады. Бұл туралы ДДСҰ иммундау жөніндегі стратегиялық консультатив тобының (SAGE) дүйсенбіде жарияланған жаңартылған ұсынымдарында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, вакцина салдыруы керек екінші топқа жүкті әйелдерді жатқызу туралы шешім қабылданған. ДДСҰ мәліметінше, жүкті әйелдерге ерекше назар аудару керек, өйткені вакцинацияның ықтимал артықшылықтары мен қауіптері олардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулығына да қатысты. Бұрын бұл топтағы әйелдерге вакцинаны тестілеу кезінде тиісті көңіл бөлінбеген. Сонымен қатар, қолда бар деректер COVID-19-дың жүкті әйелдерге жүкті емес әйелдерге қарағанда қаупі жоғары екенін көрсетеді.

Жарияланған мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта ДДСҰ-ның шұғыл қолдану тізіміне енгізілген барлық вакцина жануарларға зерттелді және вакциналардың ана мен ұрықтың денсаулығына зиянды әсері тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, сарапшылар кейбір қысқа мерзімді зерттеулер бойынша бала емізетін аналары вакциналау кезінде нәресте үшін қауіп жоқтығын алға тартты. ДДСҰ вакцинацияға байланысты бала емізуді тоқтатуды ұсынбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети