22 ақпан 2018 16:54

Жұмысшылар екі баланың анасын зорлап өлтіргеннен кейін селфи жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © tumix.ru Иллюстрациялық сурет © tumix.ru

Жұмысшылар екі баланың анасын зорлап, оны өртеп жіберген, - деп хабарлайды Daily Mail


Жұмысшылар екі баланың анасын зорлап, оны өртеп жіберген, - деп хабарлайды Daily Mail

Оқиға Ұлыбританияда болған. Стивен Анвин және Уильям Макфоллдың қылмысты алдын ала жоспарлап, үш апта бұрын бір-бірмен жазысқандары анықталып отыр. 

Жауыздықтың құрбаны болған Анна есімді әйелдің артында екі баласы қалған. Ұлыбританияға ол 2010 жылы келіп, Киллингворт қаласында әпкесімен бірге маникюр салонын ашқан. 

Ер адамдар әйелді бес сағат бойы қинап, оның барлық банк картасының құпиясөздерін біліп алған. Осыдан кейін оны матаға орап, көлікке салған. Көлікке бензин шашып өрт қойылған кезде әйел әлі тірі болған екен. Қылмыскерлер жанып жатқан көлік қасында тұрып, селфи жасаған. 

Қазір екі қылмыскер де ұсталып, тергеу жүріп жатыр. Алайда олар кінәні мойындамай отырған көрінеді.

Полиция әйелдің қажетті көші-қон құжаттары жоқ адамдарға пәтер жалдауға көмектескенін және қылмыскерлермен сол жерде танысқанын анықтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети