18 мамыр 2017 00:16

Жыныстық қатынас жетіспеушілігінен жапон халқына жойылу қатері төніп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Жапонияда Халық және әлеуметтік қорғау саласындағы Ұлттық ғылыми зерттеу институтының сарапшылары алдағы ондаған жылда елдің демографиялық жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген болжам жасады, - деп жазады The Independent.


Жапонияда Халық және әлеуметтік қорғау саласындағы Ұлттық ғылыми зерттеу институтының сарапшылары алдағы ондаған жылда елдің демографиялық жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген болжам жасады, - деп жазады The Independent.

Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін.

1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше, 2016 жылы Жапонияда тұңғыш рет бір миллионнан аз бала дүниеге келген. Мұндай апат жағдайына негізгі себептердің бірі ретінде үйленбеген ер адамдардың 70 пайызында және тұрмыс құрмаған әйелдердің 60 пайызында жыныстық қатынастың жеткіліксіздігі тіркелгені аталып отыр. 

Мамандар жас ұрпақтың бара-бара отбасы құруға және дүниеге бала әкелуге құлықсыздық танытып отырғанын айтады. 

Гарвард әлеуметтанушысы Мэри Бринтон Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон қоғамы "ер адам - жұмыс істейді, әйел - бала тәрбиелейді" деген қалыптасқан ереже бойынша өмір сүргенін айтып отыр. Ал қазіргі қоғамда әйелдер еңбек нарығына белсенді араласып жатыр. Сондықтан отбасы жұптарына баламен өмір сүру қиынға соғып отыр екен. 

"Жапонияда отбасы өліп жатыр", - деп мәлімдеді әлеуметтанушы. 

Осындай проблемаға АҚШ, Дания, Қытай және Сингапур ұрынады делінеді. Алайда Жапонияның болашағы қалғандарына қарағанда күңгірт дейді ғалымдар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети