17 тамыз 2021 10:23

Кабул әуежайындағы дүрбелең спутниктен түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Босқындар шабуылы кезіндегі Кабул әуежайының спутниктен түсірілген суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Босқындар шабуылы кезіндегі Кабул әуежайының спутниктен түсірілген суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Maxar Technologies ғарыш технология компаниясы Twitter-парақшасында Кабул халықаралық әуежайының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. 16 тамызда елден кетуге тырысқан мыңдаған ауған әуежайға басып кірді.

Спутник әуежайдың ұшу-қону жолағындағы адамдарды және әуежай кіреберісі маңындағы ұзын-сонар кептелісті суретке түсірді. Суреттер 16 тамызда таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 10:36-да түсірілген. Суреттерден ұшақ маңында толып жүрген адамдарды, сондай-ақ америкалық әскери техниканы көруге болады.

Таңертең 5 мыңға жуық адам аэродромға кірген. Кейбір адамдар баспалдақтарға көтеріліп, штурвалға жабысып ұшақтардың қозғалысына тосқауыл қойды. Мәліметке сәйкес, олардың арасында төлқұжаты жоқтар да бар. Алайда Кабулдың барлық жерінде әуежайға жете алатын кез келген адам эвакуацияланады деген қауесет тарады.

Әуежайда адамдардың қайтыс болғаны туралы алғашқы хабар әлі расталмады. Сағат 16:00-де АҚШ әскері бүкіл аумақты бақылауға алып, барлық рейстті тоқтататып, алаңды адамдардан тазартуға кірісті. Әуежайды күзетіп тұрған америкалық сарбаздар ұшу алаңына жиналған көп адамды ұстау үшін ескерту оқтарын аспанға атқан. Әуежай сағат 18:00-де ашылды.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" содырлары (Қазақстанда террорист деп танылып, тыйым салынған - редактордың ескертуі) Кабулға кіріп, елде билікті өз қолына алғанын жариялады. Үкіметтің бір бөлігі мен президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан кетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети