1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Кабулда Әйелдер ісі министрлігінің жабылуына қарсы митинг өтті 20 қыркүйек 2021, 09:37

"Талибан" Ауғанстандағы Әйелдер ісі министрлігін жапқаннан кейін жиырмаға жуық белсенді әйел наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

@Reuters @Reuters

"Талибан" Ауғанстандағы Әйелдер ісі министрлігін жапқаннан кейін жиырмаға жуық белсенді әйел наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Әйелдер өткен айда "Талибан" билікті басып алғаннан кейін бірнеше апта ішінде жұмысқа оралмақ болғанын айтты, бірақ тәліптер оларға үйде отыруды бұйырған. Тек ер адамдар алмастыра алмайтын жұмысқа әйелдерге баруға рұқсат етілген.

Кабулдың уақытша мэрі Хамдулла Намононың айтуынша, бұған құрылымдық және инженерлік бөлімдердің білікті қызметкерлері, сондай-ақ әйелдерге арналған қоғамдық дәретханалардың қызметкерлері кіреді. Ол Кабул муниципалды департаменттеріндегі әйел қызметкерлер туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын айтты.

Сондай-ақ, тәліптер Кабулдағы әйелдер ісі министрлігін жауып тастады, оның орнына Ізгілікті көтермелеу және жамандықтың алдын-алу бөлімін ашты. Министрлік ғимаратындағы белгі де өзгерген.

Наразылық шарасы "Талибан" ұлдар мен ер мұғалімдерге мектепке оралуға рұқсат беріп, ал қыздар сабақтан шеттетілгеннен кейін басталды.

Жаңа биліктің ресми өкілі Забихулла Муджахид үкіметте қыздарды оқуға қайтару жоспары бар екенін, бірақ қазіргі уақытта мұғалімдерді бөлетін процедура "пысықталып" жатқанын атап өтті.

Осыған қарамастан, Ауғанстандағы жағдай өткен ғасырдың 90-жылдарына, бүкіл елде әйелдер біліміне тыйым салынған кезге қайта оралады деген қорқыныш бар.

Бұған дейін әйелдер Ауғанстандағы құқықтарын сақтауды талап етіп, бірнеше рет наразылыққа шыққан болатын. Шеруге қатысушылар әйелдердің елді басқаруға қатысуын талап етеді, ал тәліптер мұны жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram