19 сәуір 2022 16:15

Кабулда мектепте жарылыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/news_type_c Фото:twitter.com/news_type_c

Кабулдың батыс аудандарының біріндегі мектептерде үш жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Кабулдың батыс аудандарының біріндегі мектептерде үш жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдары бірінші жарылыс Мумтаз оқу орталығының жанында, одан кейін Абдул Рахим Шахид орта мектебінің жанында екі жарылыс болғанын хабарлады.

Ауғанстанның қауіпсіздік және денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, жарылыстардан алты адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жарылыс Хазарлар қауымының өкілдері - аралас шиит мұсылмандары тұратын Даште-Барчи ауданында оқушылар мектептен шығып келе жатқанда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети