25 тамыз 2016 09:52

Кабулдағы Америкалық университетке шабуыл жасалды: 12 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Omar Sobhani © REUTERS/Omar Sobhani

Кабулдағы Америкалық университетке жасалған шабуылда 12 адам қаза тауып, тағы 44 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Рейтер агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.


Кабулдағы Америкалық университетке жасалған шабуылда 12 адам қаза тауып, тағы 44 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Рейтер агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының өкілі Фраидуна Обаидидің айтуынша, қаза тапқандарың ішінде жеті студент, үш полицей және екі күзетші бар. Ал зардап шеккендердің көбісі, яғни олардың 35-і университеттің адамдары екен.

Айта кетейік, жақында қаруланған бір топ адам Ауғанстан астанасындағы университетке шабуыл жасаған. Алайда бұл оқиғаны әлі ешқандай террористік ұйым өз мойнына алмады. 

Соңғы айларда Ауғанстандағы жағдай айтарлықтай нашарлады. Осыған дейін елдің ауылдық мекендерін басып алған "Талибан" тобы шабуылды үлкен қалада да жасауға әрекет етіп жатыр екен. Сондай-ақ, елдегі жағдайға Ауғанстан аумағында радикал "Ислам мемлекетінің" ұйымы да әсер етіп жатқаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети