19 қараша 2021 15:11

Канададағы әскери базада жарылыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/cheknews.ca Видео кадры/cheknews.ca

Канадада әскери базада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBC телеарнасына сілтеме жасап.


Канадада әскери базада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBC телеарнасына сілтеме жасап.

Ванкувердегі Comox қарулы күштері базасының өкілі капитан Брэд Литтлдің айтуынша, жарылыс Тынық мұхиты уақытымен сағат 9-да пайдаланылмаған ғимаратта болған.

Жарылыс салдарынан алты жарақаттанған адамға сол жерде медициналық пунктте көмек көрсетілген, тағы үшеуі тұрақты жағдайда ауруханаға жатқызылды, бір адам ауыр жарақат алып, санавиация ауруханасына жеткізілген.

Бұл ретте қолбасшысы міндетін атқарушы подполковник Майк Джульетта жарылыс болған ғимарат қирағанын, ал жақын жерде орналасқан база ұшақтары зақымданбағанын айтты.

Әзірге жарылыстың себебі хабарланған жоқ.

Бұған дейін Түркия астанасы Анкарада жарылыстан үш қабатты тұрғын үй опырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети