22 сәуір 2014 10:25

Қарулы адамдар Краматорскідегі УҚҚ ғимаратын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

УҚҚ ғимараты. youtube.com кадрі. УҚҚ ғимараты. youtube.com кадрі.

"Камуфляжды форма киген бір топ қарулы адамдар дүйсенбі күні Краматорскідегі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратын басып алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Краматорск Инфо парталына сілтеме жасап.


"Камуфляжды форма киген бір топ қарулы адамдар дүйсенбі күні Краматорскідегі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратын басып алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Краматорск Инфо парталына сілтеме жасап.

Базбір деректерге қарағанда, автоматпен қаруланған жиырма шақты адам ғимаратқа басып кірген. Алайда, милиция оларға қарсылық көрсетпеген.

Басып алушылар УҚҚ ғимаратының қорғанына Донецскі халықтық республикасының туын ілген. Ғимарат маңына елуге тарта жергілікті тұрғындар жиналған, кейбірі қолына Донецскі халықтық республикасының туын ұстаған.

"Қалалық милиция бөлімін басып алғандар, оларға қару беруді талап еткен" деп хабарлайды басылым.

"Бұдан бір апта бұрын жауынгерлер краматорскілік милиция бөлімін басып алып, екі күннен соң өз еріктерімен ғимаратты босатқан болатын" деп мәлімдейді ТСН.

Дүйсенбіде федерализацияны жақтаушылар қалалық атқару комитетінің ғимаратын басып алған еді. Мына бейнежазбада әкімшілік ғимарат үстінде мерген отыр.

Оған қоса, дүйсенбі күні Украинаның оңтүстік-шығысында федерализацияны жақтаушылардың шеруі болды. Украиналық БАҚ-тар оларды сепаратистер және экстремистер деп атады. Донецкі, Харьков, Луганскі қалаларында мұндай шерулерге жүздеген адам қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети