27 қараша 2018 10:07

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мәскеудің күн тәртібін қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік жүк таситын кеме Қара және Азау теңіздерін жалғайтын Керчь бұғазының өткелін жауып тұр. © РИА Новости Ресейлік жүк таситын кеме Қара және Азау теңіздерін жалғайтын Керчь бұғазының өткелін жауып тұр. © РИА Новости

Нью-Йоркте 26 қараша, дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Керчь бұғазысында болған жағдай бойынша Ресейдің ұсынған шұғыл отырыс күн тәртібін қабылдамады, ол кезде украиналық үш кеме ұсталған болатын. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.


Нью-Йоркте 26 қараша, дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Керчь бұғазысында болған жағдай бойынша Ресейдің ұсынған шұғыл отырыс күн тәртібін қабылдамады, ол кезде украиналық үш кеме ұсталған болатын. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Ұсынысты Қытай, Қазақстан және Боливия қолдады. Тағы төрт ел жауап бермей, қалған жеті мемлекет қарсы шықты.

Мәскеу "Азау теңізіндегі жағдайдың ушығып бара жатуына және соның артынша болып жатқан жағдайларға байланысты" шұғыл түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады. Отырыстың күн тәртібінде "Ресей Федерациясының шекарасын бұзу" болды. Ресейлік ұйымның тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский жақында болған жанжалда Ресейдің өз шекарасын қорғағанын мәлімдеді.

Өз кезегінде БҰҰ-ға қарасты АҚШ тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі еуропалық одақтастарының Керчь бұғазындағы оқиғаға алаңдаулы екенін және Украинаның егемендігін қолдайтындарын мәлімдеді.

"Біз бұл жағдайға аса алаңдаушылық танытып отырмыз, мұның ушығуы қауіпті және халықаралық құқықты бұзу. Біз Украинаның егемендігін және халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараның, оның аумағындағы территориялық сулардың тұтастығын нық қолдаймыз", - деп келтірді РИА Новости Хейлидің сөзін. Ол Ресейдің әрекетін "арандату" деп атады.

Ресейлік БҰҰ тұрақты өкілі Дмитрий Полянскийдің мәлімдеуінше, Ресей дауыс беру өткізілгені үшін өкінеді. "Сондай-ақ, мынаны айта кетейін, Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде бұл жерде біз маңызды деп есептеп, оларға қатысты күн тәртіптері бойынша мәселе көтеруге Ресейге ешкім де кедергі бола алмайды. Тіпті, сыртқы саясатта тәуелсіздік пен дербестіктен үмітті мемлекеттер жануарлық түйсікке беріліп, вашингтондық ағаларынан қауіптеніп, жұмыс міндетіне, ережесі мен тәртібіне қайшы сценарийді қолдап, берген дауыстары да әсер етпейді", - деді ол.

Сонымен қатар, Полянскийдің хабарлауынша, украиналық кемелердің бірінде "арнайы тапсырмалар" бойынша УҚҚ-ның екі қызметкері болған. Ол мән-жайды кейінірек мәлімдейтінін айтты.

Дегенмен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Франция, Нидерланд, Польша, Швеция мен Ұлыбритания украиналық кемелерді босатып, Керчь бұғазы арқылы өтуге рұқсат беру туралы Мәскеуге үндеу жасады.

"Ресейді украиналық порттардың Азау теңізінде кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасауға шақырамыз…, Керчь бұғазымен өткелді босатып, барлығының барынша ұстамды болып, бұл жағдайды бірден шешуге шақырдық", - делінген елдердің біріккен мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Украинада соғыс жағдайы енгізілді. Бұл жағдай 25 қарашада болған теңіз дауына байланысты енгізіліп отыр. Сол күні ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында атыс шығарып, украиналық үш әскери кемені тоқтатқан еді. Федерал қауіпсіздік қызметіндегілер кемелердің Ресей аумағына заңсыз кіргенін мәлімдеген болатын. 

Осылайша, Ресей украиналық теңізшілерді Қырым түбегінде шекараны бұзды деп айыптап отыр.

Украина президентінің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады - 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети