Украинада соғыс жағдайы енгізілді

27 Қараша 2018, 09:35
0
Украинада соғыс жағдайы енгізілді - © REUTERS
© REUTERS

26 қарашада Украинаның Жоғарғы Радасы жедел түрде отырыс өткізіп, президент Петр Порошенконың Украинада соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығын бекітті. Заңжобасына 276 депутат дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Украина президенті отырыс барысында жарлықтың кейбір тұстарын өзгерткенін айтты. Ол соғыс жағдайын бүкіл Украина аумағына емес, кейбір облыстарға ғана енгізуді ұсынды.

Басылымның мәліметінше, Порошенко айтып отырған облыстар Ресеймен шекаралас жерде және Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасында орналасқан. Олардың ішінде Одесская, Николаевская, Херсонская, Запорожская, Луганская, Донецкая, Сумская, Харьковская, Черниговская, Винницкая облыстары бар.

Президенттің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады - 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін.

Осыған дейін Украина депутаты Мустафа Найем Facebook желісіндегі парақшасында Украинаның бүкіл аумағына соғыс жағдайын жариялаудың азаматтардың конституциялық құқығына уақытша шектеу қоюы мүмкін екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Украинада соғыс жағдайы жексенбіде, 25 қарашада болған теңіз дауына байланысты енгізіліп отыр. Сол күні ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында атыс шығарып, украиналық үш әскери кемені тоқтатқан еді. Федерал қауіпсіздік қызметіндегілер кемелердің Ресей аумағына заңсыз кіргенін мәлімдеген болатын. 

Осылайша, Ресей украиналық теңізшілерді Қырым түбегінде шекараны бұзды деп айыптап отыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай