04 сәуір 2017 | 11:44

Қазақстандық студент теракт ұйымдастырушы ретінде қарастырылмайды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© L!FE © L!FE

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазақстандық студенттің Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес ретінде қарастырылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазақстандық студенттің Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес ретінде қарастырылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көрші елдердің арнайы қызмет өкілдерімен террорлық актіге қатысы бар Ресей азаматы туралы мәліметтерді қарастырып жатырмыз, ол Орталық Азиядан шыққан - Қазақстан азаматы емес. Осыған дейін, БАҚ беттерінде Қазақстан азаматы 1996 жылғы Максим Арышевтың метродағы жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін деген ақпараттар шыққан. Ресей Федерациясының арнайы қызметтері оның жарылыс кезінде дәл ортасында болғаны, жарылысты ұйымдастырушы емес, құрбаны болғанын айтып отыр", - деп түсіндірді Нұрғали Білісбеков. 

Ол ҰҚК-нің интенсивті түрде ақпарат алмасып отырғанын және алдағы уақытта осы оқиғаның мән-жайы толығымен анықталатынын айтты. Соңғы мәліметтер бойынша 11 адам қаза тауып, 50 адам жараланған. 

Білісбеков РФ Бас прокуратурасы Мәскеу уақытымен 16:30-да метродағы жарылысты террорлық акт деп ресми түрде жариялағанын айтты. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кейін іздестіріліп жатқан қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасы Ресейге ұшып кетті. "Максим Арышевтың ата-анасы Санкт-Петербургке ұшып кетті. Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.05-те олар сол жаққа жетіп, Санкт-Петербургтегі бас консулмен кездесуі керек", - деді Әнуар Жайнақов.

Ресейдегі Қырғызстан Елшілігі дипломатиялық арналар арқылы Джалиловтың Ресей азаматтығын қашан алғанын тексеріп жатыр. Осыған дейін, Акбаржон Джалиловтың Қырғызстан азаматы болғаны және кейінірек Ресей азаматтығын алғаны туралы хабарланған. Дипломатиялық өкілеттігінің мәліметінше, Қырғызстанның барлық құзырлы органдарына Акбаржон Джалилов туралы мәліметтерге сұраныс жіберілген. РФ-ның құқық қорғау органдары және дипломатиялық органдарымен бірлесе жұмыс жүріп жатыр. 

3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети