Қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасы Санкт-Петербургке ұшып кетті

04 Сәуір 2017, 10:10
0
Қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасы Санкт-Петербургке ұшып кетті - Әлеуметтік желілерден алынған сурет
Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кейін іздестіріліп жатқан қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасы Ресейге ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады. "Максим Арышевтың ата-анасы Санкт-Петербургке ұшып кетті. Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.05-те олар сол жаққа жетіп, Санкт-Петербургтегі бас консулмен кездесуі керек", - деді Әнуар Жайнақов.

Сонымен қатар, ведомство өкілі қазіргі уақытта метрода болған төтенше жағдайдан кейін туыстарымен байланысқа шықпаған қазақстандықтың қай жақта жүргеніне қатысты ешқандай мәлімет жоқ екенін айтып өтті.

Осыған дейін ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның азаматының метрода болған жарылысқа қатысы бар деп мәлімдеген болатын. 

Cондай-ақ, ҚР СІМ Санкт-Петербургте жарылысты қазақстандық ұйымдастыруы мүмкін деген жағдайға қатысты түсінік берген болатын. "Түсіндіріп өткім келеді. 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына Алматыдан Ирина Арышевадан қоңырау келіп түсті. Ол онда жарылыс туралы мәліметтерден кейін оның 20 жастағы ұлы, Санкт-Петербургтегі Экономикалық университеттің 3-курс студенті Максим Арышевтың байланысқа шықпай жатқанын айтты", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай