20 ақпан 2014 20:32

Қазақстандықтар Украина халқына көңіл білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Қазақстан азаматтары Украинада қаза тапқандардың рухына арнап, тағзым етті деп хабарлайды Tengrinews.kz. 20 ақпан Украинада тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні болып белгіленген еді. Соған байланысты Алматыдағы Украина консулдығы алдына 50-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында студенттер, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар болды. Жиналғандар Украинадағы тәртіпсіздік құрбандарының құрметіне бір минут үнсіздік арнады, гүл әкеліп, көңіл білдірді, шырақ жағысты. Қазақстан мен Украинаның тулары жайылды. Негізі, консулдықта бүгін қаралы күнге байланысты Украина туы түсірілген болатын. Украина бас консулының міндетін атқарушы Сергей Бобожко жиналғандардың алдына шығып сөз сөйледі. "Мен Қазақстан халқына қоңырау шалып жатқандары үшін алғыс білдіргім келеді. Украина азаматтары үшін қайғырғандарыңызға, ізгілік білдіргендеріңізге алғыс айту үшін шықтым. Қазақстандықтар тарапынан оқиғаны саясиландыруды көздеген көзқарастың байқалмағанын атап өткім келеді. Бәрі болған жайтқа түсіністікпен қарап, қайғыға ортақтасу ниетін білдіріп жатыр", - деді Бобожко. Еске сала кетейік, үш күннен бері Украинада тәртіпсіздіктер одан әрі ушығып кетті. Соңғы мәлімет бойынша 35 адам қаза тапты. Үш күн ішінде 110 тәртіп сақшысы оқтан жараланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети