1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Кеңес Одағының соңғы маршалы қайтыс болды

Дмитрий Язов. ©РИА Новости Дмитрий Язов. ©РИА Новости

Мәскеуде Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

"25 ақпанда Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Тимофеевич Язов 96 жасында ауыр әрі ұзаққа созылған аурудан кейін Мәскеуде қайтыс болды", - делінген Ресейдің Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Дмитрий Язов - "Кеңес Одағының Маршалы" атағына ие болған әскери жетекшілердің соңғысы.Ол  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған.

1987 жылдың мамырынан 1991 жылдың тамызына дейін КСРО Қорғаныс министрі болды. Язовтың басшылығымен Қарулы күштердің жауынгер тиімділігін арттыру, сондай-ақ Ауғанстаннан әскердің ұйымдасқан түрде шығарылуы бойынша көптеген жұмыс атқарылған.