05 ақпан 2020 09:50

Кениядағы мектепте баспалдақ опырылды: 14 бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кенияның Какамега қаласында бастауыш сынып оқушылары төтенше жағдай салдарынан зардап шекті. Білім ордасының баспалдағы опырылып, 14 бала қаза тапты және 39-ы зардап шекті, - деп хабарлайды Daily Mail.


Кенияның Какамега қаласында бастауыш сынып оқушылары төтенше жағдай салдарынан зардап шекті. Білім ордасының баспалдағы опырылып, 14 бала қаза тапты және 39-ы зардап шекті, - деп хабарлайды Daily Mail.

Балалардың жасы 10-12-де болған. Ата-аналарының айтуынша, оқушылар өзін ұрып-соққан мұғалімдерден қашқан, бірін-бірі басып, сығылысқан уақытта конструкция көтере алмаған. Кейбір басылым мәліметінше, балалар үшінші қабатпен бірдей биіктен құлаған. 

"Балалар мектептен үйге қайтатын уақытта баспалдақпен түсіп жатқанда бірін-бірін басқан. Бұл үш қабат ғимарат болатын", - деді Кениядағы Қызыл крест ұйымының өкілі Питер Абвао.

"Мен жедел жәрдемнің аудандық ауруханаға келе жатқанын көріп, бірдеңе болғанын сездім. Қызымның қайтыс болғанын білмедім", - дейді жергілікті Памела есімді тұрғын. Оның 9 жастағы қызы Ванеса Андезо төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған. 

Білім министрі Джордж Магоха 14 баланың қайтыс болғанын растады. Кемінде 39 оқушы жарақат алды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Баладан айырылу өте ауыр. Баласынан айырылған ата-аналарға қайғырып көңіл айтамын", - деді білім министрі. 

Полиция мектеп аумағын қоршауға алды, тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети