26 маусым 2022 16:43

Киевке зымыранмен шабуыл жасалды: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 маусымда Киевке зымыранмен шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, - деп хабарлайды dw.com


26 маусымда Киевке зымыранмен шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, - деп хабарлайды dw.com

26 маусымда таңертең Украина астанасы Киевке бірқатар зымырандық шабуыл жасалды. Зымырандардың бірі Шевченко ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйге түсіп, жоғарғы үш қабатты жартылай қиратты.

Кем дегенде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Тұрғындардың біразы үйінді астында қалды. Оқиға орнына өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері барды. Ғимаратта өрт шыққаны хабарланды, өрт аумағы - 300 шаршы метр.

Үйінді астынан жеті жастағы қыз, ал сәл кейінірек анасы шығарылды. Украиналық БАҚ әйелдің аты Екатерина Волкова екенін, Украинада шамамен 10 жыл тұрып жатқанын хабарлады. "Страна" интернет-басылымы Волкованың ресейлік төлқұжатының фотосуретін жариялады.

Киев мэрі Виталий Кличко кем дегенде екі адам жараланғанын және үйінді астында тағы бірнеше адам барын мәлімдеді. Шевченко ауданындағы балабақша аумағында тағы бір зымыран жарылды. Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко өзінің Telegram-арнасында Киев пен оның төңірегіне жалпы 14 зымыран жіберілгенін жазды.

Қазіргі уақытта Ресей Украина қалаларына зымыранмен соққылар жасап жатқаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети