11 наурыз 2020 16:49

Киевте коронавирусқа байланысты карантин жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Киев мэрі Виталий Кличко коронавирус тарауының алдын алу үшін 12 наурыздан бастап Украина астанасында карантин жариялатанынын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Киев мэрі Виталий Кличко коронавирус тарауының алдын алу үшін 12 наурыздан бастап Украина астанасында карантин жариялатанынын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар! Коронавирус таралуының алдын алу үшін елорда билігі эпидемияға қарсы шаралар мен шектеулердің жоспарын бекітті. Киевте коронавирус жұқтыру дерегі әлі тіркелмеген болса да, біз оны күтпей, қала тұрғындарын қауіпсіз қылуға шешім қабылдадық. Біз Киевте алдын-алу шараларын 12 наурыздан бастап енгіземіз. Алдын ала жоспар бойынша, наурыздың соңына дейін", - делінген хабарламада.

Мэр орта және жоғары білім мекемелерінде, балабақшаларда, шығармашылық және спорт мектептерінде оқу процесіне шектеу қойылатынын айтты. 

Сондай-ақ, қалада көп адам қатысатын іс-шаралар шектеледі. Бұл концерттер, конференциялар, киносеанстар және басқа да іс-шараларға қатысты. Ойын-сауық орталықтары да жабылады. 

"Достар! Дүрбелең туғызбаңыздар! Денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, гигиена ережелерін сақтаймыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз - дереу дәрігерге қаралыңыз. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз! Біз бәрін бірге жеңеміз!", - деп жазды Виталий Кличко.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети