Киевтегі жарылыстан бас барлау басқармасының басшысы қаза тапты

27 Маусым 2017, 15:10
0
Киевтегі жарылыстан бас барлау басқармасының басшысы қаза тапты - © facebook.com/Оксана-Блищик
© facebook.com/Оксана-Блищик

"Украинская правда" газеті Киевтегі жарылыстан Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының басшысы қаза тапқанын анықтады. Дереккөздің мәліметінше, қаза болған адамның есімі Максим Шаповал, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Сонымен қатар, "Страна.ua" порталы көлік тізгінінде Шаповалдың болғанын растап отыр, алайда ол Бас барлау басқармасының резерв басшысы екенін жазған. Порталдың мәліметінше, жарылыс болған жерден оның қызметтік куәлігі табылған. 

Бас барлау басқармасындағылар украиналық "Вести" басылымана бұл ақпаратқа байланысты ешқандай мәлімет бере алмайтындарын айтқан. "Әзірше оқиғаны мән-жайы анықталып жатыр, ештеңе айта алмаймыз", - деген ведомство өкілдері. 

112.ua мәліметінше, ІІМ коммуникация департаментінің директоры Артем Шевченко жарылыс салдарынан украиналық әскери қызметкер, 1978 жылғы азаматтың қаза тапқанын мәлімдеген. "Лаңкестік" бабы бойынша іс қозғалған. 

Жарылғыш заттың түрі және қуаты әлі анықталмаған.  

Еске салайық, 27 маусымда таңғы уақытта Киевте бомба қойылған көлік жарылды. Киевтің Соломенский ауданында көлік жарылған еді. Оқиға орнына барлық қызмет аттанды. Кейінірек "112 Украина" телеарнасының эфирінде жарылыстың Соломенский және Механизаторлар көшелерінің қиылысында болғанын мәлімдеді. 

Қара түсті Mercedes маркалы көлігі жарылған. Жарылыс салдарынан 1978 жылғы көлік жүргізушісі қаза тапты, ол әскери қызметкер болған. Сонымен қатар жарылыс болған жерден өтіп бара жатқан егде жастағы адам зардап шекті.


© Facebook/ Оксана Блищик 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай