25 ақпан 2014 | 18:43

Киевтегі тәртіпсіздік: зардап шеккендердің саны 726-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында өткен Киевтегі қақтығыс орнына адамдар крест орнатуда. ©REUTERS Жақында өткен Киевтегі қақтығыс орнына адамдар крест орнатуда. ©REUTERS

Киевтегі тәртіпсіздік 726 адамның жарақаттануына алып келді, олардың 491-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РИА Новости Украина Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 2014 жылдың 18-і мен 25-ші ақпаны аралығындағы ахуал кезінде Киевтің орталығындағы қақтығыста жедел медициналық көмек бригадасы мен қалалық денсаулық сақтау мекемелеріне 726 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, олардың 491-і ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада. Еске сала кетейік, 18-ақпанда қайта басталған Киевтегі жаппай тәртіпсіздіктің нәтижесінде, 82 адам қайтыс болған. Киевтегі тәртіпсіздіктен кейін Украина президенті әкімшілігі штаттық режимде жұмыс істеді. "Президент әкімшілігі штаттық режимде жұмыс істеп отыр. Барлық адамдар өз орындарында", - дейді президент баспасөз қызметінің жетекшісі Андрей Лысенко. Украинадағы саяси дағдарыс 2013 жылдың қараша айында басталды. Осы кезде министрлер кабинеті елдің евроинтеграциясын тоқтатуды жариялаған болатын. Киевтегі тәртіпсіздік 18-ақпанда, яғни Жоғарғы Раданың отырысы кезінде, оппозиция өкілдері 2004 жылғы Конституцияны қалпына келтіріп, парламенттік-президенттік басқару жүйесіне қайта оралуды талап еткен уақытында қайта жаңғырды. 22-ақпан күні Украинаның Жоғарғы Радасы Виктор Януковичтің президент лауазымы қызметінен шеттетілгенін жариялап, 2014 жылдың мамыр айында мемлекет басшылығына мерзімінен бұрын сайлау өткізуді белгіледі. Қазіргі кезде Киевтегі Печерлік сот қылмыстық іс қозғау мәселесін қарап, Виктор Януковичке іздеу жариялады. Оның алдында ғана Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында Януковичке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Алайда Украина ІІМ сайтында мұны растаған ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети