13 мамыр 2020 09:03

Коронавирус: 13 мамыр таңертеңгі жағдай

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

13 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. Бұл туралы федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа да мәліметтерді бақылап отыратын АҚШ-тағы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


13 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. Бұл туралы федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа да мәліметтерді бақылап отыратын АҚШ-тағы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Университет мәліметінше, дүние жүзінде 4 259 255 адам COVID-19 жұқтырса, 291 843 адам вирус құрбаны болған. Тағы 1 493 091 адам аурудан айығып шыққан.   

Коронавирус жұқтырған науқас саны көп алғашқы ондықта: 

АҚШ- 1 369 386 науқас, 82 339 қайтыс болды,

Ресей - 232 243 науқас, 2 116 қайтыс болды,

Испания - 228 030 науқас, 26 920 қайтыс болды,

Ұлыбритания - 227 741 науқас, 32 769 қайтыс болды,

Италия - 221 216 науқас, 30 911 қайтыс болды,

Франция - 178 349 науқас, 26 994 қайтыс болды,

Бразилия - 177 602 науқас, 12 404 қайтыс болды,

Германия - 173 171 науқас, 7 738 қайтыс болды,

Түркия - 141 475 науқас, 3 894 қайтыс болды,

Иран - 110 767 науқас, 6 733 қайтыс болды.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері басқаша. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 4 098 018, оның ішінде 283 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 87 913 адам анықталған. 

Қазақстанда коронавирус инфекциясын 5279 адам жұқтырса, оның 2223-і аурудан айығып шыққан. Тағы 32 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети