Коронавирус: Британияда адамға жасалған вакцинаның нәтижесі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: Британияда адамға жасалған вакцинаның нәтижесі жарияланды Фото: Әлихан Сариев

Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының ғалымдары еріктілерге жасалған коронавирустан қорғайтын вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Independent.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының ғалымдары еріктілерге жасалған коронавирустан қорғайтын вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Independent.

Талдаулардың нәтижесі The Lancet медицина журналында жарияланды. Онда вакцина ешқандай қосымша ауру туғызбағаны аталған. Зерттеуге қатысқандардың 96 пайыздан астамының ағзасында антиденелер пайда болған және 85 пайызында бейтараптандыратын антиденелер қалыптасқан.

1077 адам қатысқан сынақтың қорытындысы инъекцияның арқасында коронавируспен күресуге жарамды антиденелер мен лейкоциттердің пайда болғанын көрсетті.

Нәтижесі жақсы, бірақ толық қорғай алады деп айтуға ерте және қазір бұдан да үлкен зерттеулер жасалып жатыр. 

Айта кетейік, Оксфорд университеті вакцина шығару үшін AstraZeneca компаниясымен келімісге қол қойды.  Фармацевтикалық компания екі миллиард доза өндірісін мойнына алды. Ал Ұлыбритания вакцинаның 100 миллион дозасына тапсырыс беріп қойды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети