11 тамыз 2020 12:19

Коронавирус: ДДҰ үміт үзбеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: currenttime.tv Фото: currenttime.tv

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты, ал аурудан көз жұмғандар саны 750 мыңға жуықтады. Алайда біз COVID-19 пандемиясымен күресте үміт үзбеуіміз керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Көптеген адам қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр. Бұл әлем үшін қиын кезең. Бірақ мен ашығын айтайын: елдің, өңірдің, қаланың және ауылдың қайда орналасқанына қарамастан үміт бар. COVID-19-ды жою ешқашан кеш емес", - дейді ол.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 20 миллионнан асты

Гебрейесус Жаңа Зеландия, Руанда және Кариб теңізі және Тынық мұхитындағы мемлекеттерден үлгі алуға шақырды. Бұл елдер коронавирустың өршуіне жол бермеген.

"Жаңа Зеландия әлемде коронавируспен қалай күресу керегін көрсетті", - деді ол.

Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

ДДҰ бас директоры әлем лидерлерін коронавируспен күреске шақырып, тұрғындарға қарапайым сақтық ережелерін ұстанып жүруге кеңес берді.

"Мен вирусты жоюға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети