Коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгі аталды © REUTERS

АҚШ ғалымдары коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгіні атады, - деп хабарлайды Eurekalert.


АҚШ ғалымдары коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгіні атады, - деп хабарлайды Eurekalert.

Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19-дың бастапқы белгісі ол - иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Зерттеу авторларының бірінің сөзінше, коронавирус инфекциясының белгілері қарапайым тұмаудың мұрынның бітелуі, шырыштың бөлінуі деген секілді белгілерімен байланысты емес. 

"Осы арқылы коронавирусты маусымдық аллергиядан да ажыратуға болады", - дейді Цинциннати университетінің доценті Ахмад Седагат. 

Ахмад Седагат © Eurekalert

Ғалымдардың сөзінше, иіс сезу қабілеті нашарлап, алайда басқа белгілер анықталмаған күннің өзінде науқас бірден оқшауланып, коронавирусқа арналған тесттен өтуі керек. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы дүниежүзіне тарады. Бүгінде дүниежүзі бойынша 2 182 197 адам COVID-19 жұқтырып, 145 521 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +20
П
Павлодар +21
Петропавл +21
С
Семей +16
Т
Талдықорған +21
Тараз +24
Түркістан +17
О
Орал +18
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер