19 ақпан 2014 21:54

ҚР СІМ қазақстандықтарға Украинаға бару қауіпті екендігін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Украинаға бару қауіпті екендігін ескертеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш ведомостваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ҚР Сыртқы істер министрлігі полиция мен наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыстардың жалғасуына орай Қазақстан азаматтарына Украинаға бару қаупінің артып отырғаны туралы хабарлайды. Осы орайда Украинаға баруға ниеттеніп отырған немесе сол елде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына Сыртқы істер министрлігі барынша абай болуларын, наразылық, шеру және адамдардың көп шоғырланған жерлерінен міндетті түрде алшақ жүрулерін және мүмкіндігінше тұрғылықты жерлерінен түнгі уақытта шықпауын ұсынады", - делінген Қазақстанның сыртқы саяси ведомоствасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратында. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі төтенше жағдайларға тап болған Қазақстан азаматтарына Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің Консулдық бөліміне +38-066-467-87-97, + 38-063-375-00-07 номерлері бойынша немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің тікелей желісіне + 7-7172-72-04-72 номері бойынша телефон арқылы хабарласуды сұрайды. "Біз зорлықтың кез келген түрін қатаң сынаймыз және Украинаның барлық саяси күштерін ұстамдылыққа, қан төгісті тоқтатуға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарына сәйкес тәртіп орнатуға шақырамыз. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықты да осы елдегі жағдайды тұрақтандыруға барынша ықпал жасауға шақырамыз", - делінген хабарламада. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 25-ке жеткен. 18 ақпанда Киевтегі наразылық акциясы тың күшпен қайта күшейді. Радикалды белсенділер Киевтің орталығындағы парламент ғимаратының алдында күштік құрылымдармен қақтығысып, нәтижесінде билеуші партияның кеңсесін басып алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети