ҚР СІМ Пәкістандағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

17 Ақпан 2017, 18:03
0
ҚР СІМ Пәкістандағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады - © REUTERS
© REUTERS

ҚР СІМ Пәкістандағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан 2017 жылы 16 ақпанда Пәкістанның оңтүстігіндегі Сехван қаласында орын алған жәнекінәсіз бейбіт халықтың өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды. Киелі жерде орын алған зомбылық әрекет террористертің Исламның жалпы құндылықтарына қандай да бір қатысы жоқ екендігін және олардың белгілі бір ұлтқа немесе дінге қатысы жоқ екендігін дәлелдейді.Қазақстан Пәкістан билігіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте толық қолдау білдіреді және халықаралық қоғамды осы құбылыспен күресу барысында қатаң әрі нақты шаралар қолдануға шақырады", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, ҚР СІМ өкілдері террористердің бүкіл әлемдегі қылмыстық әрекетінің белсенділінің артуы кезінде БҰҰ қолдауымен тез арада жаһандық терроризмге қарсы коалицияны құруға шақырады.

"Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз жәнетеррористік әрекет салдарынан зардап шеккендердің жуық арада сауығып кетуіне тілектестігімізді білдіреміз", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жақында Пәкістанда террористік акт жасалған болатын. Сехван қаласында болған жарылыстан, соңғы мәлімет бойынша, 74 адам қаза тапқан. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан зардап шеккендердің саны 300-ден асқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай