1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Кремль Геленджиктегі "сарай" иелерінің аты-жөнін жария етуден бас тартты 26 қаңтар 2021, 17:08

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Геленджиктегі "сарай" иелерінің аттарын жариялауға құқығы жоғын, сондықтан жария
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Геленджиктегі "сарай" иелерінің аттарын жариялауға құқығы жоғын, сондықтан жария етпейтінін мәлімдеді. Бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "Дворец для Путина" фильмін шығарған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальный зерттеуінде айтылған нысан президент немесе оның туыстарының меншігі деген мәлімдемені жоққа шығарды.

"Путин мырзаның өзі де бұл сұраққа нақты жауап берді. Ол нысанға өзінің де, туыстарының да ешқандай қатысы жоғын айтты, әсіресе меншік иесі ретінде", - деп еске салды Песков.

Нысан үстінде ұшуға болмайтын аймақ ретінде саналады ма деген журналист сұрағына президенттің баспасөз хатшысы ондай сұрақтарға ФҚҚ жауап беретінін айтты.

"Журналистер қойған "Неге ФҚҚ қорғайды?", "Неліктен ол жерде ұшуға болмайды, неге ұшпайтын аймақ?" деген сұрақтарына, осы сұрақтарға жауап беретін арнайы бөлім бар, өйткені бұл олардың құзыретінде", - деді Песков.

Айта кетейік, Навальныйдың зерттеуі 19 қаңтарда жарияланды. Онда Краснодар өлкесіндегі "Путиннің сарайы" туралы айтылады. Оның аумағына Монаконың 39 княздігі сыйып кетеді. Материалда мемлекеттік корпорациялардың жобаны қаржыландырудағы сыбайлас жемқорлық схемасы көрсетілген.

Мұның алдында Путин уақыты жоғынан Навальныйдың "сарай" туралы фильмін көрмегенін мәлімдеген. Бірақ көмекшілері әкелген видеотоптаманы көріп шыққан. Ол Навальныйдың "зерттеуінде" айтылған мүліктің ешқайсы оған да, туыстарына да тиесілі емес екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!