17 сәуір 2018 09:03

Қылмыскерлер кек алу мақсатында әйелді балаларының көзінше атып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/venoticias24 © instagram.com/venoticias24

Венесуэлада қылмыскерлер жергілікті көпбалалы ана Роза дель Кармен Кастильо Пеньяны балаларының көзінше атып тастады. Noticia al Dia мәліметінше, қаскөйлер осылайша қаза тапқан бір сыбайластары үшін өш алған. 


Венесуэлада қылмыскерлер жергілікті көпбалалы ана Роза дель Кармен Кастильо Пеньяны балаларының көзінше атып тастады. Noticia al Dia мәліметінше, қаскөйлер осылайша қаза тапқан бір сыбайластары үшін өш алған. 

Басылым мәліметінше, наурыздың соңында ұрылар Розаның үйіне баса-көктеп кіріп, барлық құнды заттарды алып кетіп, полицияға хабарласуға тыйым салған. Әйел адам ұрылардың бірін танып қалып, полицияға арыз берген. 

Полицейлер қылмыскердің бірін ұстаған. Ол банданың мүшесі Джонатан Энрике Акоста екені анықталды. Ұстау кезінде қаскөй қашып кетпекші болған, полицейлер оны атып тастаған. Осыдан кейін Акостаны кім ұстап беруге көмектескенін білген банда мүшелері Розаға қоқан-лоқы көрсете бастаған. Полицияға арыздануға қорқып қалған әйел үш баласымен басқа ауданда тұратын анасының үйіне көшіп кеткен. 

Алайда 5 сәуірде көпбалалы ананың үйіне ұш адам келіп, Розаның сыртқа шығуына талап еткен. Олар Розамен тек сөйлесетін болып келіскен. Ол сыртқа шығуға келіскен, алайда қылмыскерлер туға туыстарының көзінше әйел адамды атып тастаған. Қылмыскерлер осы жағдайдың барлығын камераға түсіріп алған. 

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттері бар. 18+ 

L!FE.ru мәліметінше, 14 сәуірде полицейлер жауыздықпен өлтірген бес күдіктіні ұстаған. Олардың ішінде үш адам екі жыл бойы іздеуде жүргені анықталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети