06 маусым 2023 11:09

Қырғызстан депутаты министрдің орынбасарын киімі үшін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қырғызстан парламентінің депутаты Әлішер Ербаев ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айнур Туйбаеваны сыртқы келбеті үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.


Қырғызстан парламентінің депутаты Әлішер Ербаев ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айнур Туйбаеваны сыртқы келбеті үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Оқиға 5 маусымда Жогорку Кенеш отырысында болды. Бірнеше сағат бұрын тағайындалған министрдің орынбасары Айнур Туйбаева алғаш рет депутаттарға таныстырылды.

"Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарасыздар деп үміттенемін. Мен президент өкіліне айтқым келеді. Бұл - ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. Дресс-код деген ұғым бар, баяндамашының сыртқы түріне назар аударыңыздар. Бұл - Жогорку Кенеш. Басқаларға да айтыңыз, әйтпесе қысқа шалбармен келе бастайды", - деді депутат Әлішер Ербаев комитет отырысында.

Айта кетейік, Туйбаева жиынға қысқа шалбармен емес, жеңіл жейде мен шалбар киіп келген.

Осыған дейін 39 жастағы Айнур Туйбаева Қырғызстан цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети