25 қараша 2022 17:00

Қырғызстан парламентінің спикері Бішкек аудандары атауын өзгертуге шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шакиев Халықтық құрылтайдың бірінші отырысында Бішкек аудандарының атауын өзгертуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан парламенті төрағасының айтуынша, мемлекеттік тілді дамыту өз мақсатына жете қойған жоқ.

"Бізде әлі күнге дейін басқа тілдерден алынған атаулары бар елді мекендер бар. Бізге тез арада Бішкектің төрт ауданының атауын өзгерту керек", - деді Нұрланбек Шакиев елдің Халық құрылтайының бірінші отырысында.

Басылым Жогорку Кенеш депутаттары бұған дейін Бішкек аудандарының атауын өзгерту мәселесін көтергенін атап өтті. Парламент депутаты Айбек Алтынбеков төрт ауданға қырғыз атауын беруді ұсынды.

Айта кетейік, Бішкек әкімшілік жағынан төрт ауданға бөлінген - Первомайский, Свердлов, Октябрь және Ленин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети