13 шілде 2021 12:50

Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүрді. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүрді. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сел жүрген кезде барлығы сегіз адам ағып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың екеуі әйел, үшеуі ұл және үшеуі қыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, зардап шекендердің жеке басы анықталған.

"Сел салдарынан зардап шекендер Жалал-Абад облысы Таштақ ауылының тұрғыны К.А. 2016 жылғы, Жолборсту ауылының тұрғыны Б.Ж.К - 1958 жылғы, Ш.Б.Т - 1981 жылғы, Ш.А.А - 2009 жылғы, Ш.А.А - 2014 жылғы, Т.П.Н - 2005 жылғы, О.Н.О - 2009 жылғы, Т.Ф.Н. - 2018 жылы туған. Қазіргі уақытта 2 баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Бүгін іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ 20 құтқарушысы, Ақсу ауданынан алты құтқарушы, жеті милиция қызметкері және 40 жергілікті тұрғын тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети