06 наурыз 2023 12:00

Қытай әскери бюджет көлемін арттырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай 2023 жылы әскери бюджет көлемін 7,2 пайызға арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытай 2023 жылы әскери бюджет көлемін 7,2 пайызға арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянь Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы делегаттарына Қытай Халық Республикасының бюджет жобасын таныстырды.

"Сырттан Қытайды басып-жаншып, тежеу ​​әрекеттері күшейіп тұр.

Бөлінген 1,55 триллион юань (шамамен 225 миллиард доллар) Қытай қарулы күштерінің әскери дайындығы мен білімін күшейтіп, сарбаздарды ұрыс жағдайына дайындауға көбірек күш салып, барлық салаларда әскери белсенділікті арттыруға жұмсалады", - деді Ли.

Қытай әскери шығындар бойынша 800 миллиард долларға жуық бюджетті жоспарлаған АҚШ-тан әлдеқайда артта қалғанымен, әлемде екінші орында тұр. Сонымен қатар, сарапшылар Қытай әскерге ресми түрде жариялағанынан әлдеқайда көп қаржы жұмсайтынын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети