31 желтоқсан 2020 12:22

Қытай COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинасын ресми түрде мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қытай билігі Sinopharm фармацевтикалық компаниясы жасаған COVID-19-ға қарсы вакцинаны ресми түрде мақұлдады, - деп хабарлайды Reuters.


Қытай билігі Sinopharm фармацевтикалық компаниясы жасаған COVID-19-ға қарсы вакцинаны ресми түрде мақұлдады, - деп хабарлайды Reuters.

Вакцинаның тиімділігі жайлы толық мәлімет жарияланбады, бірақ оны жасаушы Пекин биологиялық өнімдер институты, Sinopharm-ның еншілес компаниясы Қытай Ұлттық биотехнологиялық тобының (CNBG) бөлімшесі аралық мәліметтерге сәйкес олардың вакцинасы 79,34 пайызға тиімді екенін мәлімдеді.

Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан асып түскенін мәлімдеді. Хабарламада вакцинаның әсер ету ұзақтығы мен тиімділігін әлі де бақылау қажет екені айтылған.

Денсаулық сақтау органдарының өкілдері вакцина алуда халықтың осал топтары басымдыққа ие болатынын және кейбіріне егілгенін де атап өтті.

Айта кетейік, тамызда Sinopharm мемлекеттік корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Цзинчжэнь препарат жыл соңына дейін Қытай нарығында пайда болатынын мәлімеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети