06 қаңтар 2021 09:05

Қытай ДДҰ сарапшыларына коронавирусты зерттеуге мүмкіндік берілмей отыр - телеарна

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қытай билігі COVID-19-дың қалай пайда болғанын зерттеу үшін ұйым өкілдерін елге кіргізбей отырғанына "наразы" екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірнеше елдегі мамандар пандемияның себебін анықтауға дайын, алайда Бейжің әлі де оған мүмкіндік бермей отыр.

"Бұл жаңалықты естіп, қатты көңілім қалды. Топтағы екі сарапшы бұл туралы жолда келе жатқан кезде білген. Ал қалғаны соңғы сәтте бұл жаңалықты естіп, бара алмай қалған. Мен Қытайдың жоғары ресми өкілдерімен сөйлестім, бұл миссия - ДДҰ және халықаралық команда үшін бірінші орындағы мәселе. Маған Қытай ішкі процедураларды жеделдетіп жатқаны айтылды", - дейді ұйым басшысы. 

Бұған дейін ДДҰ баспасөз қызметі халықаралық сарапшылар тобы қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтайтыны хабарланған. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети