1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытай халықаралық COVAX механизміне қосылды 09 қазан 2020, 09:45

Қытай халықаралық COVAX механизміне ресми түрде қосылды, бұл коронавирусқа қарсы вакциналар бәріне тең жетуін қамтамасыз етуге арналады. Бұл
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қытай халықаралық COVAX механизміне ресми түрде қосылды, бұл коронавирусқа қарсы вакциналар бәріне тең жетуін қамтамасыз етуге арналады. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чунин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"8 қазанда Қытай мен Gavi жаһандық альянсы COVAX-қа ресми қосылу туралы келісімге қол қойды. Бұл Қытайдың бүкіл әлемге COVID-19 вакцинасын қоғамдық игілікке айналдырамыз берген уәдесі аясында жасаған маңызды қадамы", - делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін ДДҰ және вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс (GAVI) COVID-19 вакциналарына (Covax Facility) қолжетімдікті тең қамтамасыз ететін жаһандық қор құру туралы бастама көтерген болатын. Оған дамудың барлық деңгейіндегі және қатысқысы келетін кез келген ел кіре алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVAX-қа 168 ел қосылғанын, ал 25-і жақында қосылатынын хабарлады.

7 қазандағы жағдай бойынша тізімде, Еуроодақтан 27 ел, Норвегия, Исландия және Ұлыбритания бар. COVAX Facility бағдарламасына қатысушылар құрамында Ресей, АҚШ және Қытай жоқ болған.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта пандемия барлық елдерде адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті, қазір Қытай дамушы елдерге қауіпсіз және тиімді вакциналарға тең қол жетімділікті қамтамасыз етуге зер салып отыр.

Хуа Чуниннің айтуынша, Қытай осы мақсатта қытайлық вакциналарды жаһандық қоғамдық игілікке айналдыруға нақты уәде берді, олар көбіне дамушы елдерге беріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!