15 тамыз 2022 09:06

Қытай өкілі АҚШ делегациясының Тайваньға сапары туралы: Қауіпті қадам

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: AFP © Tolga AKMEN Фото: AFP © Tolga AKMEN

Қытай үкіметінің Корей түбегі істері жөніндегі арнайы өкілі Лю Сяомин Twitter-парақшасында АҚШ конгресі делегациясының Тайваньға сапарына қатысты реакция білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытай үкіметінің Корей түбегі істері жөніндегі арнайы өкілі Лю Сяомин Twitter-парақшасында АҚШ конгресі делегациясының Тайваньға сапарына қатысты реакция білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лю Сяомин АҚШ делегациясының Тайваньға сапарын "қауіпті қадам" және "отпен ойнау" деп атады.

"Ал отпен ойнағандар өледі. Біз тиісті елдерді "Біртұттас Қытай" қағидатын берік ұстануға, Тайваньға қатысты мәселелерді дұрыс шешуге және Қытайдың ішкі істеріне араласуды тоқтатуға шақырамыз".

Сяомин АҚШ-ты қос ойын ойнауды доғарып, "Тайвань тәуелсіздігі" жөніндегі міндеттемесін орындау үшін нақты шаралар қабылдауға шақырды.

"Шетелдік қолдау арқылы тәуелсіздікке ұмтылу еш нәтиже бермейді, ал Тайвань мәселесін Қытайды тежеуге пайдалану - сәтсіздік. Қытайдың ішкі істеріне араласуға және Қытайдың бірігуіне жол бермеуге әрекеттенген кез келген адам немесе күш 1,4 миллиардтан аса қытай соққан ұлы болат қабырғаға қарсы тұрады".

Бұған дейін Тайваньға сенатор Эд Марки бастаған АҚШ конгрессмендерінің делегациясы келген болатын. Кездесу барысында тараптар АҚШ-Тайвань екіжақты қарым-қатынастарын, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелерін талқылауға ниетті екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети