19 мамыр 2021 10:19

Қытайда жаңадан шыққан даулы заңнан кейін ажырасу саны күрт азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Қытайда даулы заң қабылданғаннан кейін ажырасу саны 70 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайда даулы заң қабылданғаннан кейін ажырасу саны 70 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытайдың Азаматтық істер министрлігі мәліметі бойынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 296 мыңға жуық ажырасу дерегі тіркелген. 2020 жылы бұл көрсеткіш миллионға жеткен.

Бұл Үкіметтің 1 қаңтардан бері "ойлану" кезеңін міндетті етіп заңдастырғанына байланысты. Азаматтық кодекске енгізілген жаңа түзетуге сәйкес, ерлі-зайыпты ажырасуды ресми тіркеу үшін 30 күн күтуі керек.

Үкімет ажырасу деңгейінің өсуі және нәтижесінде туу деңгейінің төмендеуі аясында заң қабылдады. Егер 30-шы күннен бастап 60-шы күнге дейінгі кезеңде ерлі-зайыпты уәкілетті органға қайта өтініш білдірмесе, олардың өтінімі күшін жояды. "Ойлану" кезеңі ерлі-зайыптының бірі отбасындағы зорлық-зомбылықтан кейін ажырасуды талап еткен жағдайда тағайындалмайды.

Айта кетейік, қытайлықтар жаңа заңға наразы. Қытай тұрғындары заң жобасы отбасылық өмірдегі еркіндікті бұзады деп санайды, ал ажырасу қазір әлдеқайда қымбатқа түседі.

"Бақытты болу үшін неке қажет емес, бірақ ажырасу керек. Бұл мәлімет адамдардың 70 пайызы бақытты болу мүмкіндігін жоғалтқанын көрсетеді", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

2003 жылдан бастап Қытайда ажырасулар саны тез өсті, бұл демографиялық дағдарысқа әкелді. Сарапшылардың айтуынша, бала туудың төмендеуіне байланысты Қытай халқы ғасырдың аяғында екі есе қысқаруы мүмкін. Бұған жауап ретінде билік дәстүрлі құндылықтарды насихаттайды және ажырасуды болдырмауға тырысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети