22 мамыр 2021 10:58

Қытайда жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамыр мен 22 мамырға қараған түні Қытайдың әр жерінде жер сілкінісі болды. Қазіргі уақытта елдің оңтүстік-батысында күндіз болған жер сілкінісінен екі адам қаза тапқаны белгілі. Кеше кешке Қытайдың солтүстік-батысында тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Басылым елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, алты адам зардап шеккенін жазды.

21 мамырда Дали-Бай автономиялық округінің Янби уезінде 20-ға жуық жер асты дүмпуі болған, магнитудасы 6,4 ең күшті жер сілкінісі 21.48-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.48) тіркелді.

Бірнеше сағаттан кейін Қытайдың солтүстік-батысында Цинхай провинциясында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл жер елдің ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі болып саналады. Жер асты дүмпулері сенбіде түнде жергілікті уақыт бойынша 02.04-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 00.04-те) тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети