20 мамыр 2019 12:50

Қытайда кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© THEBELAAZ © THEBELAAZ

20 мамырда, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданға кіретін Байсэ қалалық округында кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады, - деп хабарлайды Lenta.ru жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Құтқарушылар үйінділер астынан 85 адамды алып шықты. Зардап шеккендердің екеуі ауруханада қайтыс болды. 

Тағы бір адамның жағдайы тым ауыр халде жатыр, жеті адам ауыр жарақат алған. Жеңіл жарақат алған 62 адам дәрігерлердің бақылауында. 

Кафе ғимараттың үшінші қабатында орналасқан. Құтқарушылар үйінділерді әлі де тазалап жатыр. Онда қанша адам болғаны белгісіз. Ғимараттың шатыры неліктен опырылғаны да белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети