27 шілде 2021 11:29

Қытайда коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @Reuters Фото: @Reuters

Қытайда коронавирустың 76 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл қаңтардан бергі елдегі ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Қытайда коронавирустың 76 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл қаңтардан бергі елдегі ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, жаңа жағдайлардың 40-ы ел ішінде, қалғаны келушілер арасында анықталған.

39 жағдай Цзянсу провинциясында, оның астанасы Нанкин, ал біреуі Ляонин провинциясының солтүстік-шығысынан тіркелді.

©REUTERS

Осыған байланысты Нанкинде ондаған мың адам оқшауланған, өйткені қала билігі 9,2 миллион тұрғынды коронавирусқа тексеріп жатыр. Үкімет сонымен бірге бір ауданда COVID-19 қауіп-қатерін жоғары деңгейге, ал басқаларында орташа деңгейге көтерді. Жолаушыларды тасымалдауға арналған такси мен басқа көліктерге қаладан шығуға рұқсат етілмейді, ал 27 шілдеден бастап қала аралық автобустардың сегіз аялдамасы жабылады. Бұл қадам метро желісі тоқтатылып, жаңа кластерді бақылау үшін басқа шаралар қабылданғаннан кейін пайда болды.

©REUTERS

Қытайда симптомсыз жағдайлардың саны бір күн бұрын 24 жағдайдан 17-ге дейін өсті. Симптомсыз жағдайлардың ішіндегі төртеуі жергілікті инфекциялар болды. Оның біреуі Цзянсуда, біреуі Гуандунда, біреуі Аньхой провинциясында және біреуі Сычуань провинциясында тіркелді.

Қытайда расталған жағдайлардың жалпы саны - 92,605, ал өлім саны 4636 деңгейінде.

Бұған дейін Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған COVID-19 шығу тегі туралы тергеудің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Бейжің ДДСҰ тергеу жоспарының тұжырымдарын "ақылға қонымсыз және ғылымға қарсы" деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети