23 наурыз 2017 13:34

Лондондағы терактіге байланысты Бирмингемде бірнеше адам тұтқындалды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теракт болған орын ©Reuters Теракт болған орын ©Reuters

Лондондағы терактіге байланысты полиция Бирмингемдегі рейд кезінде бірнеше адамды ұстады, - деп хабарлайды Sky News басылымы мәлімет көзіне сілтеме жасап. Күдікті Вестминстер көпірінен тротуарға түсіп, бірнеше адамды қаққан. Күдікті парламент ғимаратына жете бергенде полиция қолына түсті. 

Күдікті көлікті Бирмингем қаласында жалға алған болуы мүмкін. Хагли роуд маңындағы бірнеше жол жабылған. Полиция екінші қабаттағы пәтерлердің бірін тексеріп жатыр. 

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй COBRA мемлекеттік кеңесінің отырысын өткізді. Оның айтуынша, елде террористік қауіптің "айтарлықтай" деңгейі орнаған. Ол көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты. "Шабуыл орны арнайы таңдалған. Лаңкестер астанамыздың жүрегіне соққы жасады. Мұнда барлық ұлт, дін және мәдениет өкілдері сөз бостандығы мен демократияны қолдауға жиналады. Әлемдегі ең көне Парламент үйлері, Вестминстер көшелері еркіндік рухына толы. Бұл құндылықтарды мойындамайтындар соққы жасау үшін арнайы осы жерді таңдады", - дейді ол. 

Алдын ала мәлімет бойынша терактіден Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. 

Еске салайық, 22 наурызда Лондондағы Вестминстер көпірінде және парламент ғимаратының маңында екі оқиға болды. Соңғы мәлімет бойынша, теракт салдарынан бес адам мерт болып, 40 шақты адам жараланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети