03 қыркүйек 2020 09:23

Лукашенко бірлескен Беларусь пен Украинаның президенті болғысы келді - Туск

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2014 жылғы көктемде еуропалық саясаткерлерге белорус-украин одағын құруды және өзін оған президент ретінде ұсынған. Бұл туралы Еуропалық Одақтың бұрынғы президенті және Польшаның экс-премьері Дональд Туск Onet-ке айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл туралы бұрын айтпадым. Бірақ Минск ЕО, Ресей және Украина арасында делдал болған кездер еді. Ол уақытта Украинада дағдарыс болып жатқан. Маған Лукашенко хабарласты. Ол кезде Польшаның премьер-министрі едім. Ол украиналық проблеманы бейбіт жолмен шешуге кепіл бола алатынын айтып, Еуропалық Одақты көндіруімді сұрады. Сол кезде ол белорус-украиналық одақ құру ұсынысын және екі елдің президенті болғанын қолдауымды өтінді", - деді Туск.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети