11 ақпан 2021 16:26

Лукашенко конституциялық реформаны қайта қарауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел Конституциясын түзету және билік өкілеттіктерін қайта бөлу мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Лукашенко бұл туралы Бүкілбеларусьтік халық жиналысының ашылу рәсімінде айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел Конституциясын түзету және билік өкілеттіктерін қайта бөлу мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Лукашенко бұл туралы Бүкілбеларусьтік халық жиналысының ашылу рәсімінде айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз қоғамдық даму мәселелерін, азаматтардың елдің саяси өміріндегі ролін мұқият қарастырып, негізгі заңды түзету мүмкіндігі туралы ойлануымыз керек", - деді Лукашенко.

Айта кейік, бұған дейін Лукашенко республиканың жаңа конституциялық жобасы жыл соңына дейін дайын болады деп мәлімдеген болатын. Кейін ол референдумда халықтың қарауына ұсынылады. Ол негізгі заңға енгізілген өзгертулер, егер делегаттар дайын болса, 11-12 ақпанда Минскіде өтетін Бүкілбеларусьтік халық жиынында жарияланатынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы референдум өткізілуі мүмкін мерзімдерді жариялауға уәде берді.

2020 жылғы 9 тамызда Беларусте өткен президент сайлауынан кейін Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті, елде жаппай оппозициялық наразылық акциялары басталды. Рұқсат етілмеген шараларға қатысушыларды тарату кезінде қауіпсіздік қызметкерлері арнайы құралдар мен техниканы қолданды. Наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети