Макрон ресми іс-шараға тағы да қара көзілдірікпен келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Макрон ресми іс-шараға тағы да қара көзілдірікпен келді 20minutes.fr

Франция президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидпен өткен ресми кездесуге тағы да күннен қорғайтын көзілдірік киіп келді. Бұл туралы BFMTV телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Франция президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидпен өткен ресми кездесуге тағы да күннен қорғайтын көзілдірік киіп келді. Бұл туралы BFMTV телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Телеарна сюжетіне сүйенсек, Макрон бұл аксессуарды Елисей сарайының кіреберісінде ғана емес, ғимарат ішінде келісімдерге қол қою кезінде де, одан кейін қонақүйде өткен франко-оман бизнес-форумында да шешпеген.

Телеарна ақпаратынша, Парижде күн райы аса ашық болмаған, сондықтан көзді күннен тасалаудың ерекше қажеттілігі туындамаған.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Макрон "көзіндегі ақауға" байланысты қара көзілдірікті тіпті ішкі жайларда да шешпеген. Ал франциялық "Патриоттар" партиясының жетекшісі Флориан Филиппо Франция президентінің жұрт алдына тағы да қара көзілдірікпен шығуын жұбайы Брижиттен кезекті рет шапалақ жегенімен байланыстырды.

Өткен жылы мамырда журналистер Макронның әйелінен шапалақ алған сәтін таспаға түсіріп алған болатын: видеода әйелі президенттің иегінен қатты итергені анық көрінеді.

Бұған дейін де Макрон ресми шараға қара көзілдірікпен келген еді - қаңтар айында Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда ол осылай сөз сөйлеген. Ол кезде президент мұны көзіндегі қан тамырының жарылуымен түсіндірген болатын.

Франция президенті жұрт алдына көзілдірікпен шыққаннан кейін, Елисей сарайы қан тамырының жарылуы уақытша жағдай екенін және мемлекет басшысының денсаулығында ешқандай мәселе жоқтығын нақтылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Давос форумынан кейін Макронның "жұрт алдында күннен қорғайтын көзілдірікпен сөйлегеніне" қатысты бірнеше рет әзілдеген болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер