15 маусым 2020 14:39

Малайзия 31 тамызға дейін турист кіргізбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Малайзия 10 маусымнан бастап ел ішіндегі қозғалысқа көптеген шектеуді алып тастады. Алайда шетелдік туристерге шекараны ашуға асықпайды. Малайзияның Қазақстандағы елшілігінің ақпаратына қарағанда ел 31 тамызға дейін жабық. Tengritravel.kz жағдайдың мән-жайын анықтады.

The Star Online хабарлауынша, шектеу тек шетелдік студенттер мен дипломаттарға әсер етпейді. Ал Олимпиаданың іріктеуіне арналған квалификациялық жарыстарға қатысатын спортшыларға шектеу алынбайды.

"Шетелдіктерге шекара жабық кезде елге тек өзге мемлекеттерде жүрген малайзиялықтар кіргізіледі", - деп хабарлады ел үкіметі.

Бұған дейін Малайзия мен Сингапур арасындағы шекараны ашу мәселесі талқыланды. Пандемияға дейін 200-250 мың малайзиялық күн сайын бір елден екінші елге кіріп-шыққан. Қазір екі ел арасында тек тауар жеткізетін көлік жүріп тұр.

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, елде 8453 адам COVID-19 жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети